Жүргізуші жол үстінде жан тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүргізуші жол үстінде жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Алматының Солтүстік айналма жолымен солтүстік бағытта келе жатқан «Тойота Хайландер» көлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, жол жиегіндегі шам бағанына соғылған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушінің рульде келе жатқанда жағдайы күрт нашарлаған.

Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. 
null null 

Соңғы жаңалықтар