Жүргізуші мас болған: Таразда жол апатынан үш адам ауруханаға түсті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығы – Тараз қаласының Тәуке хан және Саңырақ батыр көшелерінің қиылысында «Лада» және «Опель Астра» көліктері соқтығысып, қатты соққыдан жолынан ауытқып кеткен «Опель Астра» автокөлігі бағдаршамға ұрылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан «Опель Астра» автокөлігінің үш жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі автокөлік те айып тұрағына қойылды» делінген ведомство хабарламасында.

Сараптама нәтижесіне сәйкес, 27 жастағы «Лада» автокөлігі жүргізушісінің алкогольді ішімдік ішіп, «орта дәрежеде» мас болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар