+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Жүргізуші құқығынан айырылғандарға көлік айдағаны үшін айыппұл артады

2019 жылғы 6 қараша 13:04
Бөлісіңіз:
Жүргізуші құқығынан айырылғандарға көлік айдағаны үшін айыппұл артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімшілік жазалар әлдеқайда жеңіл жазаларға ауыстырылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқылау кезінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді Сенат төрағасы: Республика деңгейінде шешім қабылдағанда мәслихаттардың пікіріне назар аудару қажет Қазақстанда банкроттық және оңалту сатысында қанша кәсіпорын тұр

«Атап айтқанда, депутаттар тарапынан жекелеген құқықбұзушылықтар қысқартылып, кодекстен алынып тасталды. Өйткені мұндай даулар сотта азаматтық талап қою тәртібімен азаматтарды әкімшілік жауаптылыққа тартпай шешілуі мүмкін. Бірқатар құқықбұзушылықтар бойынша айыппұл санкцияларының мөлшері төмендетілді, сондай-ақ қолданыстағы әкімшілік жазалар әлдеқайда жеңіл жазаларға ауыстырылды», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин.

Сонымен қатар, депутаттардың ұсынысы бойынша жол жүрісі саласындағы жекелеген бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылды.

«Жүргізуші құқығынан айырылған адамға көлік құралын жүргізгені үшін 50 АЕК-ке айыппұл салынады. Қазір мұндай айыппұл 10 АЕК-ті құрап отыр. Сондай-ақ осындай тәртіп бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл 20-дан 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл түзету қазақстандықтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған», - деп түсіндірді депутат.

Талқылаудан кейін палата депутаттары «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Заң, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT