Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгілері енгізіледі

None
None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Елімізде жүргізуші куәлігінің жаңа үлгілері енгізіледі. Ол жеті категориядан тұрады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте жол қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында мәлім болды.

«Жол қауіпсіздігі туралы конвенция талаптарына сәйкес, республика аумағында жүргізуші куәлігінің жаңа үлгілері енгізіледі. Онда 7  категория: A, B, C, D, BE, CE, DE  және осыған тәуелді 6 категориялар: A1, B1, C1, D1, C1E және D1E қамтылып отыр», - дейді  ІІМ Жол полициясы комитеті Жол қозғалыстарын қамтамасыз етуді үйлестіру басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов. Оның айтуынша, бұндай жаңа үлгі соңғы уақытта кеңінен таралған скутер, мокик, трицикл және басқа да шағын көліктерді пайдалану мәселелерін ретке келтірмек.

«Жаңа куәлік негізінен жаңадан жол жүргізу құқығын иеленушілерге беріледі. Ал қолданыстағы жүргізуші куәлігі оның мерзімі біткенге дейін жарамды болып саналады. Жаңа куәлікке ауыстырғысы келгендер оны қалауынша жүзеге асыра алады», - дейді жол полициясының өкілі. Оның айтуына қарағанда, жаңа куәліктерді енгізу барысында республикалық бюджеттен қосымша шығыстар талап етілмейді. Жаңа куәліктерді дайындау қолданыстағы мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар