Жүргізуші куәлігін беру және көлікті тіркеу қызметтері уақытша тоқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша барлық мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметті көрсету уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім болғандай, бүгін, сағат 09.50-де ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің сервистерінде іркіліс пайда болған.

«Осы себепті, республика бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда мемлекеттік қызметтерді алу әзірге мүмкін емес. ІІМ мамандары олқылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шыдамдылық пен түсіністік танытуларыңызды өтінеміз. Жұмыстың қалыпқа келтірілгені туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады», - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Фейсбуктегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар