+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық көмек көрсете білу міндеттеледі

2019 жылғы 17 қазан 14:14
Бөлісіңіз:
Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық көмек көрсете білу міндеттеледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын білу міндетті болмақ. Мұндай міндет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясында қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда Жапон елінің жобасы жүзеге асты Жамбылдық полицейлер алғашқы көмек көрсетуді үйренуде Қазақстанда клиникалық мамандықтарды базалық даярлау мерзімі 1 жылға қысқарады

«Көлік жүргізу кәлігін алу үшін алдымен арнайы алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтіп, сертификат алу қажет. Содан кейін ғана көлік жүргізу куәлігі беріледі. Бұл міндетті. Себебі, көп жағдайда жол апаты болған кезде азаматтарымыздың басым бөлігі, 60 пайызға жуығы алғашқы медициналық көмекке мұқтаж болады. Өкінішке орай, медициналық көмек көрсете алатындардың үлесі 3-5 пайыздан аспайды», - деді Мәжілісте аталған кодекс жобасын таныстырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның атап өтуінше, жол-көлік апаты орын алған жерге жедел жәрдем көлігінің жылдам баруы қиын болатын жайттар кездеседі. Сол кезде алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өткен өзге жүргізушілер зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуі тиіс.

«Бізде мұндай стандартты курстар бар. Олар жедел жәрдем стансалары, санитарлық авиация және медициналық жоғары оқу орындары базасында ұйымдастырылған. Сол жерлерге барып курстан өту арқылы сертификат алуға болады», - деді министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT