Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алмақ болған 32 жастағы тұрғын 400 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 32 жастағы тұрғын арызданды. Ол 30-қыркүйекте бейтаныс адамға сеніп, «жүргізуші куәлігін алуға көмектемесін» деген ұсынысын қабылдаған. Сөйтіп интернет банкинг арқылы 400 мың теңге ақша аударды.

«32 жастағы ер адам алданып қалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 27 жастағы ақтөбелік болып шықты. Мұндай жағдай жиі кездеседі. Мәселен, 28 жастағы тұрғын зейнеткерге жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп, хабарсыз қалды. Сөйтіп 72 жастағы ақтөбелікті алдап соққан. Екі жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар