Жүргінші жолынан өтуге ерінген адам көлік астына түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгіленбеген жерден көшені кесіп өткен жаяу жүргінші адам көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Тұрар Рысқұлов көшесінде болған. 47 жастағы ер адам жаяу жүргінші жолынан өтуге ерініп, тыйым салынған тұстан жүгіріп өтпек болған. Оны батысқа қарай кетіп бара жатқан Тойота Камри көлігі тоқтай алмай кетті.

Ер адам ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Жол оқиғасының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар