Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы бар науқасатар үшін коронавирус қауіпті – кардиолог

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы бар науқасатар үшін COVID-19 қауіпті. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Қуат Абзалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы 2-3 жылда ковидтің өзіне қарағанда оның әлдеқайда күрделі ағымы және ковидтен кейінгі синдром туралы жеткілікті ақпарат жинақталды. Полинейропатия (нерв жүйелерінің зақымдануы) түріндегі, ковидтен кейін аса жиі болатын асқынуларға бүйрек, бауыр, жүрек және шеткі қан тамырларының зақымдану симптомдары кіреді.

«Бірқатар жарияланымдар көптеген асқынулар кешірек пайда болатынын көрсетеді, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары ауырсыну, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары түрінде байқалады. Бірқатар зерттеушілер инфекция кезінде пациенттердің 7,3%-да спецификалық емес жүрек соғыстары, COVID-19 шалдыққан пациенттердің 16,7% -да аритмия дамитындығы байқалғанын жазды»,- дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі Қуат Абзалиев.

Сонымен қатар, ол жеңіл түріндегі немесе симптомсыз ковид инфекциясына шалдыққандарда асқынулар кейде белгілі бір уақыттан кейін байқалуы мүмкін. Пандемияның алғашқы толқынының асқынған кезінде инфекция тек тыныс алу ағзаларының жүйесін зақымдады, алайда мутация барысында жүрек-қантамыр жүйесін қоса, басқа да ағзалардың зақымданғаны анықталды. Себебі гипоксия мен қабыну көріністері миокард пен коронарлық тамырларға ауысты.

«Вирустық инфекция көбіне миокардты зақымдайды. Миокардтың қабыну реакцияларының көріністері жүрек бұлшықетінің зақымдану мен интоксикацияның ауырлығына, сондай-ақ ағзаның иммундық жүйесіне байланысты. Егер миокардитті емдемесе, онда кардиомиопатия, өмірге қауіпті аритмия, қанның ұю салдарынан тромбтардың пайда болуынан кенеттен өлімге әкелетін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Аздаған жүктемелер кезінде жүрек соғысы мен ентігудің пайда болуы миокардтың қабыну реакциясының бар екендігін білдіреді. Пациенттер, әдетте, коронавирус инфекциясы кезіндегі әлсіздік, уыттану деп есептейді де, назар аудармайды. Олар дәрігерге дер кезінде қаралмай, тексерілмей, өз бетінше емделумен айналысады. Жеңіл симптомдар мен көріністерге көңіл бөлмеу аурудың әрі қарай асқынуы мен өршуіне алып келеді»,- дейді дәрігер.


Кардиолог ковид инфекциясынан емделіп шыққан науқас электрокардиография, жүректің ультрадыбыстық диагностикасын жасау қажет екенін баса айтты.

«Қабыну маркерлеріне анализ тапсырып, жүрек-қантамыр жүйелерінің қалпына келуі үшін кардиологқа барып қаралған жөн. «Цитокиндік дауыл» деп аталатын, яғни нақты жүйелі қабыну жауабы науқастардың 40%-да диагностикаланады және тек жүрек қана емес, сондай-ақ полиоргандық жеткіліксіздікке алып келуі мүмкін. Сондықтан COVID-19 емдеу кезінде вирустық инфекцияның кардиоуыттылығының қаупіне үнемі бақылау жүргізу қажет»- дейді Қуат Баяндыұлы.

Компьютерлік және магнитті-резонансты томография жүректің ишемиялық ауруын болдырмас үшін өкпе ауруларын да, сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйелерін де диагностикалауға көмектеседі. КТ кардиомиопатия, инфекциялық эндокардит, жүректің жаңа пайда болған құрылымдарын диагностикалауда да көмектеседі.

«Қытай ғалымдарының зерттеулерінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі COVID-19 емделуге жатқызылған пациенттердің 23%-да байқалды. АҚШ-да клиникалық айқындалған жүрек кемістігі COVID-19 шалдыққан пациенттердің 42%-да болды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттердің 72%-да емделуге жатқызылғаннан кейін 1,5 күннен соң өкпенің жасанды желдеткішіне қажеттілік пайда болды. Айқындалған жүрек кемістігінің дамуы адамның иммундық жүйесінің коронавирус инфекциясына бақыланбайтын реакциясының нәтижесі («цитокиндік дауыл») болып табылады, оны септикалық шок деп те атауға болады»,-деді дәрігер.


Соңғы жаңалықтар