Жұмысынан айырылған ер адам лотереядан 1 млн фунт стерлинг ұтып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық Дэвид Адамс жұмыстан шығып қалғаннан кейін келесі күні лотереядан бір миллион фунт стерлинг джекпот ұтып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, бұған дейін ер адамның өмірінде сәтсіздіктер көп болған. Бір жыл бұрын оның әйеліне склероз (ұмытшақтық) диагнозы қойылған, ол жұмыстан шығып қалып, отбасының табысы азайған.

Төрт ай бұрын Адамстың келіні жүрек талмасынан қайтыс болды, ал бір айдан кейін оның ағасы коронавирустан көз жұмған. Адамс өзі ұтыстан бір күн бұрын жұмысынан айырылған.

Әйелінің айтуынша, Дэвид кейде онлайн-лотерея ойнайды, онда ол жұп үшін маңызды сандардың екі жолын қолданатын болған.


Соңғы жаңалықтар