+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Жұмысына кіріскен СҚО-ның жаңа басшысы барлық аудан әкімдерін жеке қабылдады

2017 жылғы 15 наурыз 03:10
Бөлісіңіз:
Жұмысына кіріскен СҚО-ның жаңа басшысы барлық аудан әкімдерін жеке қабылдады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына жаңадан тағайындалған әкім Құмар Ақсақалов жұмысының алғашқы күнінде өңірдің барлық 13 ауданының әкімдерін жеке-жеке қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдер Құмар Ақсақаловқа 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, сеніп тапсырылған аумақтарды одан әрі дамыту бойынша жоспарларын айтып берді.

Өңірдің жаңа басшысы алдағы таяу уақытқа жұмыстың басымдықты бағыттарын белгілеп, барлық басшылар мен әкімдердің жұмысы олардың қызметтерінің нәтижесін халық күнделікті сезіне алатындай түзілуі тиістігін атап өтті. Бұл сындар облыстың әрбір басшысына бағаны қалыптастыру кезінде негізге алынатын болады.

«Теңселе басып жүруге уақыт жоқ. Нақ осында және дәл қазір іске көшу қажет. Айналаны өзгерте отырып, бір мезгілде өзің өзгеруің тиіс. Өз-өзіңді жетілдіру, дамыту қажет, ескірген стереотиптерден арылып, уақытпен бірге аяқ басу керек. Жаңа уақыт түйіткілді мәселелерді шешуде инновациялық жолдарды қажет етеді. Бұл басты талап. Бұл ретте, үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибелерге сүйену керек», - деді СҚО әкімі.

Фото pkzsk.info сайтынан

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT