Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» басшысы қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды»,-делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасын сынға алып, Twitter-де жазба қалдырған.
Соңғы жаңалықтар