+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жұмыстан шығып қалған жігіт кек алу үшін зауытқа бомба қойылды деп хабарлаған

2021 жылғы 22 шілде 12:41
Бөлісіңіз:
Жұмыстан шығып қалған жігіт кек алу үшін зауытқа бомба қойылды деп хабарлаған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жұмыстан шығарылған ақтаулық тұрғын басшысынан кек алу үшін полиция жалған ақпарат берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бангладеште қайықтағы 16 адамды найзағай соғып, мерт болды Атырауда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қарияны өрттен құтқарды Бұхарада іргесі XVI ғасырда қаланған медресенің қабырғасы құлады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жыл басына бері терроризм актісі туралы жалған хабар беруге қатысты 2 дерек тіркелген. Мәселен, 17 шілдеде белгісіз ер адам полицияға құрылысы аяқталмаған зауыт нысанына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнын дереу қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар мен иісшіл иттермен тексеруге кірісті. Алайда, нысан аумағынан жарылғыш зат табылған жоқ. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру жүргізіп, 38 жастағы ер адамның жалған хабар бергенін анықтады. Күдікті Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам бұрын сотты болған.

Соңғы 4 жылда Атырауда жұмыс істеген. Өзін жұмыстан босатқаны үшін басшысынан өш алу мақсатында жалған қоңырау шалғанын мойындады»6 -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір жалған ақпарат берген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мектептен 170-ке жуық адам шұғыл

эвакуацияланғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT