+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Жұмыстан шығып қалған азаматтар 6 айлық әлеуметтік төлемді қалай алады

2020 жылғы 1 сәуір 18:18
Бөлісіңіз:
Жұмыстан шығып қалған азаматтар 6 айлық әлеуметтік төлемді қалай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режіміне қарамастан жұмыстан шығып қалған азаматтар 6 айлық әлеуметтік төлемді қалай алатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайға қарамастан жұмыстан шығып қалған азаматтар, жалдамалы жұмысшылар Мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 айға дейін өздерінің жалақысының 40 пайызына тең ақы алатын болады. Ол үшін де egov.kz порталының «жұмыспен қамту» айдарындағы «жұмыс іздеуші» деген бөліміне тіркелесіз. Үш күннен кейін сізді міндетті түрде жұмыссыз ретінде тіркейді. Осыдан кейін автоматты түрде жұмысын жоғалтқан адам ретінде 6 айға төленетін төлем сізге тағайындалады», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша наурыз айының өзінде еліміздегі 12 729 адамға жұмыс табылған. Оның ішінде карантин жарияланған қалаларда 2 331 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы электронды түрде хабарласып, жұмыс тапқан.

Еске сала кетсек бұған дейін Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайттың ашылатынын мәлімдеген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT