Жұмыстан босатылған павлодарлық шенеунік сол күні басқа лауазымға тағайындалған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аудан, ауылдарда еңбек ететін 10 мемлекеттік қызметкерді тәртіптік жазаға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған істерді қарау қорытындысынан кейін этика бойынша кеңес мүшелері комиссияның төрт мүшесіне қызметке толық сәйкес келмейтіні туралы тәртіптік жаза беруге, жер комиссиясының шешіміне араласу деңгейіне байланысты комиссияның бес мүшесіне қатаң ескерту беруге кеңес берді», - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінен.

Кеңес мүшелерінің қарауына, сонымен қатар, Шарбақты ауданында жер телімдерін беру бойынша конкурс комиссиясының мүшелеріне қатысты тәртіптік іс келіп түсті.

«Ережеге сәйкес, конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурстың өтетіні туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін, конкурс басталғанға дейін үш күн ішінде жүргізіледі. Осыған қарамастан, комиссия мүшелері кейбір жеке және заңды тұлғалардың өтінімін уақыт өтіп кеткеннен кейін де қабылдаған», - деп хабарлады департаменттен. 

Осыдан кейін конкурстық комиссия өтінімдердің дұрыс-бұрыстығын тексеруі керек. Бірақ, жер комиссиясы ереженің бұзылуына жол бере отырып, конверттерді ашу кезінде уақыты өтіп кетсе де, өтінім берген адамдардың өтінімін кері қайтармаған. Конкурс қорытындысы бойынша әлгі қатысушылар жеңімпаз болып шыға келген. Конкурстық процедуралардың бұзылуы бойынша осыған ұқсас жағдайлар аз емес.

«Сол секілді Баянауыл ауданы ветеринария бөлімінің басшысы өз қалауымен жұмыстан шығып кеткен. Осы кезде аудан әкімінің бұйрығымен дәл сол бөлімнің бас маманы аталмыш бөлім басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған. Ал сол бөлім басшысы болып келген адам - өз қалауымен жұмыстан кетіп қалған бұрынғы бөлім басшысын бірден «Баянауыл ауданының ветеринарлық шаруашылығы» КММ басшылығына тағайындаған. Кеңес мүшелерінің бірыңғай шешімімен Баянауыл ауданының ветеринария бөлімінің басшысы міндетін атқарушыға қызметке толық сәйкес келмейтіні туралы тәртіптік жаза беруге кеңес берілді», - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар