+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жұмыссыздықпен күресу үшін жыл сайын 350 мың жұмыс орнын ашу керек – Бердібек Сапарбаев

2019 жылғы 15 шілде 11:58
Бөлісіңіз:
Жұмыссыздықпен күресу үшін жыл сайын 350 мың жұмыс орнын ашу керек – Бердібек Сапарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына «Еңбек» бағдарламасының тиімділігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Жасыл ел» жобасы бойынша мыңнан аса жас жұмысқа орналасты Атырау облысының әкімі Индер ауданында жұмыс орындарын ашуды тапсырды AntiKor.live: Жаңа жұмыс орнын ашқаннан гөрі, барын сақтап қалу тиімді

«Бағдарлама аясында 1,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Оны жүзеге асыру қорытындысы бойынша 1 млн жұмыс орны ашылды, оның 800 мыңы – тұрақты. Теңгерімді сақтау мақсатында біз бағдарламаны 2025 жылға дейін әзірледік. Қанша қызметкер кетеді, қаншауы келеді? Шамамен 350 мың жұмыс орнын жыл сайын ашуымыз керек. Осылайша, жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан 4,5 пайызға төмендетеміз», - деді министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев әлеуметтік жұмыспен қамту агенттігі мен электронды келісімдердің енгізілгенін атап өтті.

«Ең алдымен түлектерді оқытып, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру қажет. Кейбір кемшіліктерге қарамастан, бағдарламаның жаңа жұмыс орындарын ашудағы рөлі үлкен», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT