+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Жұмыссыздыққа қарсы Қазақстан қандай шара қолданды

2016 жылғы 22 желтоқсан 19:54
Бөлісіңіз:
Жұмыссыздыққа қарсы Қазақстан қандай шара қолданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2016 жылдың 11 айын қорытындылай отырып, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл әрине, Қазақстан Үкіметінің жұмыссыздыққа қарсы қолданған шараларының арқасы. Әлемдегі шикізат ресурстарының нарығы құлдырап, әлемдік экономиканың өзге де салаларын тоқырауға тартқан кезде, Қазақстан Үкіметі дағдарыс пен жұмыссыздыққа қарсы түбегейлі шараларды қолға алған болатын.

Бұл шаралардың нәтижесі - еліміздегі еңбек нарығы қорғалып, жаппай жұмыссыздыққа жол берілген жоқ. 2013 жылдың өзінде-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы жұмыссыздық маман тапшылығының салдарынан туындап отырған жоқ деген еді. Жұмыссыздықтың басты себебі - адамдар бірден үлкен табыс көргісі келеді.

«Ең бастысы - жұмыспен қамту. Мемлекеттің басты міндеті - адамға жұмыс тауып беру. Мемлекет бұл міндетті орындап отыр. Қазір елімізде жұмыссыздық болмау керек, себебі, маман көп. Мысалы, біздің қазақстандық құрылысшылар бірден пайдаға кенеле түскісі келеді, ал, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген гастарбайтерлер кез келген жұмысқа дайын. Яғни, біздегі 5 пайыздық жұмыссыздық жұмыстың жоқтығы емес, біліктіліктің жоқтығы. Егер білімің жоқ болса, біліктілігің жоқ болса, сізге тек қара жұмыс табылады. Міне, жұмыспен қамту бағдарламасы деген осы. Егер ауылда жұмыс істегің келсе, мемлекет сізге шағын несие беруге дайын. Сол шағын несиеге өз ісіңізді ашуға болады. Мал сатып алып, отбасыңды асыра, артығын сатып, пайда көр. Егер ауылда жұмыс істегім келмейді десе, қалаға келсе де, мемлекет жұмыс тауып беруге дайын. Бұдан артық не керек?»,-деген еді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымымен кездескен кезде.

Ал, 2016 жылы әлемдегі шикізат бағасы арзандаған соң, Қазақстан да еңбек нарығына көп көңіл бөлді. Бұл ретте, мемлекет «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын қарқынды дамыта түсті. 2016 жылдың 10 айында бағдарламаға 171,7 мың адам қатысса, 175 мыңнан аса адам тұрақты жұмыс тапты.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында, яңни, инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту есебінен биыл 5 715 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген. 1 қарашадағы мәліметке сүйенсек, осының 2 306 жобасы толықтай жүзеге асырылған екен. Осы жобалардың арқасында ашылған жұмыс орындары 30 мың адамды еңбекпен қамтыған.

Бағдарламаның екінші бағыты халықты жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатын көздейді. Мемлекет халықты кәсіпкерлікке ынталандыра отырып, 9 мыңнан аса шағын несие беру жоспарланған еді. Бір жылдық жоспар орындалды деуге болады, себебі, қарашадағы мәліметке сүйенсек, 9 мың шағын несиенің 8 070-і беріліп қойған. Берілген шағын несиелердің 53 пайызында халық жеке ісін ашса, қалғандары жаңадан жұмыс бастаған жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп отыр.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 7 мыңнан аса адам кәсіби білім алды. Соның ішінде, мемлекеттің есебінен оқу аяқтағандардың 87 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, жоғары оқу орнын жаңа тәмамдаған тәжірибесіз түлектер мен басқа да адамдарды қолдау шараларының аясында 28 мыңнан аса адам әлеуметтік жұмыс орындарын тауып, үлкен тәжірибе жинақтады.

Қазақстанда жұмыссыздықты азайтып, кәсіпкерлікті дамыту аясында үкімет экономикалық әлеуеті зор елді мекендерге 863 адамды көшірсе, сол мыңға жуық адамның 65 пайызы жаңа қоныспен қатар, жаңа жұмысқа ие болып отыр. Сондай-ақ, 2016 жылы жұмыспен қамту шараларын қолдауға бағытталған кешенді жоспардың аясында 400 мыңнан аса адамға қолдау көрсету көзделген еді. 2016 жылдың 1 қарашасындағы мәліметке сүйенсек, қазірдің өзінде жоспар артығымен орындалып, бұл бағдарлама 437 мың адамды қамтып үлгерген. Соның ішінде, 392 мың адам тұрақты жұмыс орнын тапты.

Жалпы, осы шаралардың арқасында еңбек нарығында толқулар кездескен жоқ. жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құраса, елімізде жұмыспен қамтылғандардың ішіндегі өзін өзі жұмыспен қамтып отырған халықтың үлесі 25,9 пайызды құрады.

Айта кетерлігі, халықаралық еңбек ұйымы әлемдегі еңбек нарығына Қазақстандағы қазіргі жағдайға мүлде кері болжам жасаған еді.

«2015 жылы әлемдегі жұмыссыздық деңгейі 197,1 млн адамды құрады. Болжамдарға сәйкес, бұл көрсеткіш 2016 жылы 2,3 млн адамға көбейіп, 199,4 млн адамды құрауы мүмкін. Ал, 2017 жылы әлемдегі жұмыссыз халықтың саны тағы 1,1 млн адамға артуы ықтимал»,-деген еді Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары.

Бұл ретте, Қазақстан өз еңбек нарығындағы жағымды көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, 2017 жылдан бастап, кәсіптік-техникалық білім беруді тегін жүзеге асырмақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT