+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Жұмыссыз ретінде жәрдемақы алушылардың көбі – орта жастағы әйелдер

2021 жылғы 17 қыркүйек 14:03
Бөлісіңіз:
Жұмыссыз ретінде жәрдемақы алушылардың көбі – орта жастағы әйелдер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская жұмыссыз қазақстандықтың негізгі сипаттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2025 жылға дейін елімізде 102 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады Атырау облысында «Еңбек» бағдарламасымен 24 348 адам қамтылды

«Бүгінде бізде өтініш білдірген азаматтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын 203 жұмыспен қамту орталығы бар. Адамды жұмыссызға жатқызу үшін ол үш шартқа сәйкес келуі керек. Жұмысы жоқ және оны белсенді түрде іздеп жүрген, табылған жұмысқа алдағы екі апта ішінде кірісуге дайын адам жұмыссыз деп танылады. Егер адам жұмыссыз болса, бірақ ол оны іздемесе, онда жұмыссызға жатпайды. Ол жай ғана экономикалық тұрғыда белсенді емес адам болып саналады», - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың жұмыспен қамту орталықтары мен еңбек биржаларына тіркелуге құлықсыз екенін айтады. Оған жұмыссыздарға берілетін жәрдемақының төмен болуы да әсер ететін көрінеді.

«Бұл жағдай жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдердің өте төмен деңгейімен байланысты. Оның мөлшері 2020 жылы орта есеппен 43 мың теңге болды. Біз 2019 және 2020 жылдары жұмыссыз ретінде тіркелгендерге талдау жасадық. Жұмыссыз ретінде жәрдемақы алатындар негізінен 30-44 жас аралығындағы әйелдер», - дейді Александра Молчановская.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT