Жұмыссыз қазақстандықтардың тең жартысы есепке алынбаған – Дәулет Арғындықов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов елдегі ресми жұмыссыздар мен тіркелген жұмыссыздар санының арасындағы айырмашылықтың себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екінші тоқсанның статистикасы бойынша елдегі жұмыссыздық көлемі 4,9 пайыздай болды. Яғни, шамамен 450 мың адам жұмыссыз деген сөз. Бұл сан халықаралық методика бойынша жүргізілген зерттеу қорытындысынан алынды. Яғни, 21 мың үй шаруашылығында сауал жүргізген.

Жұмысыздардың бәрі жұмыспен қамту орталықтарына бара бермейтінін бәріміз білеміз. Оның обьективті себептері көп», - деді ол «Қазақстанның еңбек нарығы: жаңа жағдайдағы даму» атты тұңғыш ұлттық баяндаманың таныстырылымында.

Оның айтуынша, елдегі тіркелген жұмыссыздардың саны ресми статистикадағы саннан әлдеқайда аз. Ал бұл халықтың жұмыспен қамту орталықтарына деген сенімі көрсететін маызды фактор көрінеді.

«Жұмыссыз ретінде арнайы тіркелгендердің саны апта басында 223 мың болды. Оны жалпы еңбекке жарамды адам санына бөлсек, 2 пайыздай ғана болады. Біздің жұмыссыздардың ресми статистикасы мен тіркелген жұмыссыздар статистикасының арасында 50 пайыз айырмашалық бар деп отырғанымыз - осы. Бұл, түптеп келгенде, халықтың жұмыспен қамту орталықтарына деген сенімін көрсетеді. Ресми жұмыссыздар стастистикасы мен тіркелген жұмыссыздар саны бір-біріне жақындаған сайын мемлекеттің еңбекпен қамту шараларына елдің сенімі арта түседі деген сөз. Қазір бұл сенім біртіндеп болса да, өсіп келеді», - деді Дәулет Арғындықов.


Соңғы жаңалықтар