Жұмыссыз қалғандарға берілетін төлемдер үшін 200 млрд теңге бөлінді
2020 жылғы 28 наурыз 16:54

Жұмыссыз қалғандарға берілетін төлемдер үшін 200 млрд теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмысынан айырылып қалғандарға берілетін әлеуметтік төлемдер үшін 200 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавируспен күресу барысында бір адамнан айырылып қалдық. Оның өлімі бәріміз үшін сабақ болсын», - дейді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, ол осы жағдайға байланысты жұмысынан айырылып қалғандар үшін қанша қаржы бөлінгенін айтты.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айрылғандарға ай сайынғы ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлемдер үшін шамамен 200 миллиард теңге бөлінеді», - дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT