Жұмысшылардың үстіне кранның құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Степногорск қаласында құрылыс краны жұмысшылардың үстіне құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен (Еңбекті қорғау талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды, тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті өңірлік Полиция департаментінен.

Еске салайық, 22 қаңтар күні сағат 16.40 шамасында Степногорскіде құрылыс краны құлап, салдарынан екі жұмысшы 16-18 метр биіктіктен құлап кетті.

32 жастағы дәнекерлеуші Степногорск қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Кейін дәрігерлер оның жағдайы туралы айтып берді.

45 жастағы монтажшы оқиға орнында мерт болды.





Соңғы жаңалықтар