Жұмыспен қамтудың жол картасы сәтті іске асырылып жатқан өңірлер аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Жұмыспен қамтудың жол картасы сәтті іске асырылып жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 6 700 әлеуметтік-коммуналдық және инженерлік-көліктік инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Аталған жобалар халықты жұмыспен қамтумен бірге өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді. Бұл мысалы үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі, ауылда білім алу мен медицина қызметтерінің қолжетімділігі, ауыл тұрғындары үшін таза ауыз су жеткізу, суармалы және жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту, ауылдық елді мекендерді газдандыру секілді тағы басқа мәселелердің шешілуіне мүмкіндік береді», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Жұмыспен қамтудың жол картасы сабақтас салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс құруға негіз болады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы нәтиже көрсетуде. Бүгінгі күні бағдарлама орташа жалақысы 130 мың теңгені құрайтын 202 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бағдарламаға қатысушылардың отбасы мүшелерін ескере отырып, 900 мыңға жуық адам кірістермен қамтылды. Отандық компаниялар 488 млрд теңгелік тапсырыс түрінде қолдау алды (114 мың жұмыс орнын сақтап қалған 19 мың шағын және орта бизнесті қоса алғанда)», - деді ол.
Біржан Нұрымбетов өңірлер бойынша бүгінгі күні жобалар жоспарлаған 240 мың адамның ішінде 202 мың адам жұмыс қамтылғанын жеткізді.
«Жобалар бойынша жұмысқа тартуда Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы және Атырау облыстары көш бастап тұр. Оның ішінде «Жұмыспен қамту орталықтары» арқылы кемінде 50 пайыз жұмыссыздарды тарту туралы талап барлық өңірде сақталуда», - деді ол.
- Жұмыспен қамтудың жол картасы: 240 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты
- Ақтөбеде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін жүйе жұмыс істеп тұр
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылады
- Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
-
Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды
-
Нидерландыда коменданттық сағат тәртібін бұзғандар жазаланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам