+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жұмыспен қамтудың жол картасы: Екі айда 13 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты

2020 жылғы 19 мамыр 11:40
Бөлісіңіз:
Жұмыспен қамтудың жол картасы: Екі айда 13 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде инфрақұрылымдық жобалар аясында 13 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының әкімі Индер ауданында жұмыс орындарын ашуды тапсырды AntiKor.live: Жаңа жұмыс орнын ашқаннан гөрі, барын сақтап қалу тиімді Қызылорда облысының Сырдария ауданында 2 тұрғын үй іргетасы қаланды

Қазақстанда «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ол елді мекен, жобалар, кәсіпорындар, экономиканың салалары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасу көрсеткішіне сапалы мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа ақпараттық жүйесі жұмыс орындарын құру серпінін дәл көрсетеді, сондай-ақ 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы мен басқа да мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін жаңаша бағалауды енгізеді.

Ақпараттық жүйенің 18 мамырдағы мәліметінше, өңірлерде 3,6 мыңға жуық жоба жүзеге асырылуда. Оның жартысынан көбі - Жұмыспен қамту жол картасына енген жобалар.

Бүгінде 41 мыңға жуық жұмыс орны құрылды (жоспардың 16%). 12,9 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 4,6 мыңы - бұрыннан жұмыссыз, мыңнан астамы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болған. Ал, қалған 7,2 мыңы - жұмыс іздеушілер.

Жұмыспен қамтылған азаматтардың 4,1 мыңы - жастар (31%), мыңнан астамы – аз қамтылғандар (7,9%) және 300-ден астамы - мүмкіндігі шектеулі жандар (2,5%).

Жұмыспен қамту Жол картасы жобаларын белсенді жүзеге асыру бойынша Шығыс Қазақстан (722) және Алматы (715) облысы алдыңғы орында. Сәйкесінше, бұл өңірлер құрылған жұмыс орындарының саны (5 мыңнан астам), сондай-ақ адамдарды жұмысқа орналастыру кейстері (2,5 мыңнан астам адам) бойынша көш бастап тұр.

Жол картасы аясында ең көп жоба Алматы облысында (977 жоба), Шығыс Қазақстан (813) және Жамбыл (690) облысында жүзеге асырылады. Ал, ең көп жаңа жұмыс орындары Алматы қаласында (26 мың), Түркістан облысы (22 мың) және Алматы облысында (21 мың) ашылады деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың наурыз айында Премьер-Министр бұйрығымен «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» бекітілді.

255 мыңнан астам азаматты жұмысқа орналастыру үшін 4 бағыт бойынша 6,5 мың инфрақұрылымдық жобаға жұмыс орны ұйымдастырылады.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасының шарттары бойынша қызметкерлердің жартысы Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартылуы тиіс. Жұмысқа алу кезінде жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Сондай-ақ, қатысушылардың жалақы мөлшері бойынша шарт бар – ол 85 мың теңге және одан көп болуы тиіс.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT