+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында елорданың 2,5 мыңға жуық тұрғыны жұмысқа орналасты

2020 жылғы 4 маусым 07:26
Бөлісіңіз:
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында елорданың 2,5 мыңға жуық тұрғыны жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жол картасы жұмыссыздықпен күрестің тиімді құралына айналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Жұмыспен қамтудың жол картасы: Астанада қалай жұмысқа тұруға болады Қазақстанда жұмыссыз жастар саны азайды

Бүгінде елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 2410 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 91 ұйыммен ниет хаттамасы жасалып, 87 жоба бойынша жұмыстар басталды. Бос орындарды 91 жұмыс беруші ұсынған.

Бұрын хабарланғандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында елордада 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Олардың жартысы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы өтеді. Елорда тұрғындары түрлі бағыттар бойынша басталған 87 инфраструктуралық жобаға жұмысқа орналаса алады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша әлеуметтік сала, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру бойынша 117 инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыспен қамту жол картасы жобаларына кадрлар іріктеуде. Бос жұмыс орындары enbek.kz электронды еңбек биржасында қолжетімді болады. Олар құрылыс, жөндеу, абаттандыру салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық тексеру, қызметкерлерді жинау және жұмыс орнына дейін тасымалдау үшін мобильді рекрут пункті құрылды. Бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығына келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 57-88-89, 72-93-62. Толық ақпарат жұмыспен қамту орталығының (cz.astana.kz) ресми сайтында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT