Жұмыспен қамтудың жол картасы: Алматыда 214 жоба іске асырылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жұмыссыз қалған қала тұрғындарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала аумағын абаттандыру мәселесі шешілуде. Алматыда осы бағдарлама бойынша барлығы 26 мың жұмыс орнын қамтитын 214 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың 13 мыңы Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде жұмысқа орналасады. Бүгінде басталған жобалар бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылған жұмыс орындарына 1813 адам, оның ішінде 404 жас жұмысқа орналастырылды»,– дейді Алматы әкімі.

Қала тұрғындарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында халықты Жұмыспен қамту орталығы арқылы өзара іс-қимыл жүйесі құрылды. Сонымен, «ЖҚЖК» бойынша жобаларды іске асыру аясында Жұмыспен қамту орталығының базасында тіркелген жұмыссыздарға 50% жұмыс орны беріледі.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Алматыда халықты Жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа 4549 адам, уақытша (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына) 3165 адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіп алуды немесе біліктілікті арттыруды қажет ететін тұлғалар өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өте алады.


Соңғы жаңалықтар