Жұмыспен қамтудың жол картасы: 220 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,7 мың жоба іске асырылып жатыр. Онда 130 мың теңге орташа жалақымен 220,7 мың адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЖҚЖК инфрақұрылым жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

– елді мекендерді абаттандыру.

ЖҚЖК инфрақұрылым жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90%-ының тауарлары мен қызметтерін қолдану - ерекше шарт.

Жұмысшылардың кемінде жартысын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, басымдық жұмыссыз жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірлерде 6,7 мың жоба бойынша жұмыс басталды, 220,7 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 116 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаға қатысушылардың жартысы - ауыл тұрғындары, 39% – жастар және 7% –табысы аз азаматтар.

ЖҚЖК шеңберінде жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан (20,6 мың адам немесе 109,2%), Жамбыл (19,7 мың адам немесе 100%), Атырау (7,6 мың адам немесе 106%) облыстарында.

Жалпы, бағдарлама аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.


Соңғы жаңалықтар