+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Жұмыспен қамтудың жол картасы: 200 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

2020 жылғы 15 қазан 10:14
Бөлісіңіз:
Жұмыспен қамтудың жол картасы: 200 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,6 мыңнан астам жобаны іске асыру басталды, онда 130 мың теңгелік орташа жалақымен196 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері қазақстандықтар микронесиеге 13 мыңға жуық жұмыс орнын ашқан

ЖҚЖК инфрақұрылым жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

– елді мекендерді абаттандыру.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90%-ының тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады.

Жұмысшылардың кемінде жартысын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, басымдық жұмыссыз жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс.

Бағдарламаға қатысушылардың жартысы - ауыл тұрғындары, 40% – жастар және 7% –табысы аз азаматтар.

ЖҚЖК шеңберінде жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан (20 мың адам немесе 106,2%), Қызылорда (9,3 мың адам немесе 99,9%) және Атырау (6,9 мың адам немесе 97,7%) облыстарында.

Бұған дейін хабарланғандай, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT