Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы: 370 мың теңгеге дейін жалақы төленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы іске қосылды. Бұл алдын ала кәсіби даярлықты талап етпейтін еңбек қызметі. Ұзақтығы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы - алдын ала кәсіби даярлықты талап етпейтін еңбек қызметі. Ұзақтығы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Еңбекақы мөлшері 85 000 тенге. Келем деген азаматтарға орын бар», - дейді «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі Азамат Байтасов.

Сондай-ақ, ол «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы туралы тоқталып өтті.

«Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы жұмыс берушіні қолдау мақсатында қолға алынған. Жұмыспен қамту орталығы уақытша жұмысқа жолдаған азаматтардың жалақысының 35%-ын мемлекет төлейді. Бұл жұмыс берушіге кішкентай болсын көмек. Бұл бағдарлама бойынша жалақы мөлшері 50 мың теңгеден бастап 370 мың теңгеге дейін. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін, олардың ішінде басымдық аз қамтылған және көп балалы отбасылардың мүшелеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы 2-тармағының 1) - 9) тармақшаларында аталған адамдарға құрылады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар