«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында берілген шағын несие 87 мың адамды қамтыды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында берілген шағын несие 87 мың адамды жұмыспен қамтыды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті депутаттарымен кездесу барысында еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 5 жылдың ішінде 45 мың азаматқа шағын ниесе бердік. Олардың 30 мыңы алғаш рет өз істерін ашып отыр. Қалған 15 мыңы өз бизнестерін кеңейте түсті. Аталған 45 мың азамат тағы да 42 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына себепкер болды. Сондықтан біз осы несиелерді беру арқылы 87 мың жаңа жұмыс орнын аштық деп айта аламыз. Өз бизнестерін ашу арқылы ол адамдарда тұрақты кіріс пайда болды», - деді министр.

Оның айтуынша, өнімді еңбек пен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бұл бағдарлама аясында қала тұрғындары да шағын несие алу мүмкіндігін ие болып отыр. Ендігі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қор қала тұрғындарын, ал Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «ҚазАгро» корпорациясы ауыл тұрғындарын несиемен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа шағын кәсіпкерлікті дамытуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге  бөлінетін шағын несие көлемі 16 млн. теңгеге дейін арттырылды. Қаржы азаматтарға 7 жыл мерзімге 6 пайыздық ставкамен беріледі.

Соңғы жаңалықтар