+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады

2019 жылғы 6 желтоқсан 21:52
Бөлісіңіз:
Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықты жұмыспен қамту орталықтарының 500-ден астам қызметкері жаңа дағдыларды үйренеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаудағы ауылда сауда орталығы ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылады Атырауда жазасын өтеп шыққан 109 адам жұмыспен қамтылды Шымкентте келер жылы  10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған - Ерлан Айтаханов

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері үшін жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл, жұмыссыз азаматтармен жұмыс кезінде кейс-менеджментті қолдану және кәсіптік бағдар беру бойынша оқыту семинарларының сериясын бастады.

«5-6 желтоқсанда Елордада ЕРДО «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС-і халықаралық компаниясымен бірлесіп Қарағанды облысының және Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталықтарының 30 қызметкері үшін алғашқы семинар өткізді. Оқыту персоналдың әлеуетін арттыруға, оларды жұмыссыздармен лайықты жұмыс таңдауда тиімді жәрдемдесуге және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған. Семинар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып отврған «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында ұйымдастырылды. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жыл ақпанға дейін еліміздің барлық өңірлеріндегі ХЖҚ-дан барлығы 500-ден астам қызметкер оқытылады» делінген хабарламада.

«Жұмысқа орналастыру барысында жүргізілген өзгерістердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа жұмыс әдістерін енгізу жеткіліксіз. Қызметкерлердің ұйымдастырушылық мәдениеті мен психологиясын түбегейлі жақсарту қажет. Жұмыстағы басты буын клиент – жұмыс іздеуші немесе жұмыс беруші және оның қажеттіліктері болуы керек», – деді ЕРДО Жұмыспен қамту қызметін дамыту департаментінің директоры Ирина Рубашина.

Тренинг барысында тыңдаушылар жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл ерекшеліктері және жұмыссыз азаматтармен жұмыс істеу кезінде кейс-менеджментті қолдану, кәсіптік бағдар жүргізу түрлері мен әдістері туралы білім алып, қоса еңбек нарығын қысқа мерзімді болжау және мониторинг жүргізу дағдыларын үйренді.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар тренингті аяқтағаны туралы сертификат алды.

Қазақстанда жұмыспен қамту қызметін трансформациялаудың толыққанды процесі 2018 жылы басталды. Жұмыс орталығы қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты арттыру - олардың жұмысының сапасын жақсарту кезеңдерінің бірі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT