Жұмыспен қамту-2020: ШҚО-да 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өңірде 816 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ. Осылайша 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, оның ішінде 18 870 - уақытша, 1150 - тұрақты.
«Қазіргі уақытта әр жоба бойынша тиісті жоспар құрылған. Оны іске асырудың келісімшарт жасасу, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы, бюджет қаражатын ай сайын игеру, объектіні пайдалануға беру және жұмыс орындарын құру сынды әр қадамы кезең-кезеңімен ойластырылды. Бүгінде 789 жоба бойынша келісімшарт жасалса, 26 жобаның конкурстық рәсімдері аяқталуда. Соның нәтижесінде 2 күнде-ақ 2 997 жұмыс орны ашылды. Осы аптаның соңына дейін 6 925 жұмыс орны ашылады деп күтілуде» делінген хабарламада.
2020 жылы 812 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. 4 ірі жоба келесі жылы өз мәресіне жеткізілмек.
Нақты айтсақ, бұл Өскемен әуежайын қайта жаңарту, Есенберлин даңғылынан Жібек жолы даңғылына дейін және К.Маркс даңғылынан «Өскемен-Алматы» тасжолына дейінгі аралықтағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы, сондай-ақ Семейдегі Қарағайлы шағынауданында кварталішілік жол салу жобалары.
- ШҚО-ның Ұлан ауданына жаңа әкім тағайындалды
- Карантин: Қостанай облысында шектеу шаралары қайта күшейді
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация қалай жүргізілетіні айтылды
- Көкшетауда карантин кезінде дәмханада төбелескендер ұсталды
-
Қостанай облысында 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
-
«Қызыл» аймақтағы Қостанай облысында бүкіл оқушылар қашықтан оқиды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам