«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушы сүйікті ісімен айналысып жүр - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы Ақмола облысындағы Бурабай ауданының тұрғыны Қанат Ізбасов тұрақты жұмысқа орналасып, өзінің сүйікті ісімен айналысуда.

2011 жылы аудан орталығындағы экология және орман шаруашылығы колледжінің «жиһаз жинақтаушысы» мамандығын алып шыққан ол, Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жеке кәсіпкер Игорь Савицкийдің жиһаз жасау кәсіпорнында құрылған әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан. Мұнда тоғыз ай бойы тәжірибе жинақтап, өзін көрсеткен ол қазір осында тұрақты жұмысқа қабылданып, нәпақасын тауып жүр.

Қанат Ізбасовтың сөзіне қарағанда, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының пайдасы зор. Ол осы бағдарлама арқылы тұрақты жұмысқа орналасып, өзінің сүйікті ісімен айналысуда.

Соңғы жаңалықтар