Жұмыскерлердің құқығын қорғайтын «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы құрылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жұмыскерлердің құқығын қорғайтын «Аманат Қазақстан кәсіподақтар достастығы» құрылды. Жаңа ұйымның атқарар міндеті мен мақсаттары туралы бүгін республикалық бірлестіктің басшылары айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің ұйымымыз мемлекеттік тіркеуден өтті. 6 ай уақыт ішінде біз республикалық мәртебемізді растауымыз керек. Бізге салалық кәсіподақтардың ішінде 2,3 ұйым хабарласты. Ал локалды кәсіподақтардан 15 ұйым хабарласып, ынтымақтастыққа ынталы екендіктерін білдірді», - деді «Аманат» кәсіподақтар достастығы төрағасының орынбасары Берік Жағыпаров.

Оның айтуынша, қарапайым жұмысшылардың проблемалары негізінен еңбек қауіпсіздігіне байланысты болады.

«Өндірісте адам өлімі көп. Сондай-ақ, жұмыстан себепсіз шығарады. Ал құқықбұзушылық орын алса, ол жұмыскерді 6 ай бойы жазалайды. Ірі компаниялардың заңгерлері бар. Жұмыскерлерді аттап бастырмайды. Олардың митингіге шыққанан басқа амалы болмай қалады. Осындай кикілжіңдер болмас үшін біздің бірлестік құрылды», - деді ол.

Мамандардың айтуынша, көбінесе тау-кен өндірісі, ауыр өнеркәсіп, құрылыс саласындағы жұмысшылардың құқығы жиі тапталады.

Алдағы уақытта бірлестік ұжымы Қазақстанның әр өңіріндегі жұмысшылардың құқығын қорғап, көмек көрсетуге ниетті.

Соңғы жаңалықтар