Жұмысқа орналастыруда тамыр-таныстыққа жол берілмеуі тиіс - Елбасы

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Әділ қоғамды дамыту үшін жұмыстар жалғасуы керек.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты ХІХ сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті,  Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  осылай мәлім етті.

«Қабылданған бағдарламалар нәтижесінде 2020 жылға дейін Қазақстанда 1,5 млн. адам жұмысқа орналастырылатын болады. Бұл біздің еліміз үшін үлкен көрсеткіш. Біз инновациялық экономиканы қалыптастырамыз. «Мен қазақстандықпын, елімде мен үшін барлық есік ашық», деп әрбір адам мақтанышпен айтатын әділ қоғамды құрамыз. Үкімет те, барлық атқарушы органдар да, Парламент те жұмысының негізін осыған бағдарлауы керек. Бұл үшін заңдарымыз қабылданды, барлық жағдай жасалды», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент жұмысқа орналастыру азаматтың еңбегіне, қызметіне қарай болуы тиістігін атап өтті.

«Жұмысқа орналастыруда  тамыр-таныстыққа жол берілмеуі тиіс. Оқу орындарына түсу, мамандық алу азаматтардың қабілетіне қарай болуы керек. Мен Үкімет пен тиісті министрліктерге осы проблемамен тікелей айналысып, сол туралы маған баяндауға тапсырма беремін», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар