+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жұмысқа қабылдаймын: СҚО-да интернет-алаяқтар қалай әрекет етеді

2020 жылғы 4 маусым 06:26
Бөлісіңіз:
Жұмысқа қабылдаймын: СҚО-да интернет-алаяқтар қалай әрекет етеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтар интернет арқылы жұмыс іздеген тұрғындарды алдап, ақшаларын иемденген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұқсас, бірақ арасына үш ай салынып жасалған екі интернет-алаяқтықты ашты.

Қаңтар айының соңында тәртіп сақшыларына Петропавлдың 39 жастағы тұрғыны хабарласып, «OLX» сайты арқылы жұмыс іздеу кезінде біреулердің оны алдап, сегіз мың теңгесін иеленгенін айтқан. Хабарландыруды орналастырған соң, оның телефон нөміріне ер адам қоңырау шалып, жеке жүргізушісі болып жұмысқа орналасуын ұсынған. Ал медициналық тексерістен өткені туралы анықтаманы жедел түрде алуға көместеспек болған, ол үшін телефонға 8 мың теңгені лақтыруды сұраған. Қала тұрғыны ақшаны салғаннан кейін «жұмыс берушіге» хабарласады. Алайда оның телефон нөмірі сөндірулі болған.

Дәл осындай интернет-алаяқтық мамыр айының басында тіркелді. «Маркет» сайты арқылы жұмыс іздеген 57 жастағы петропавлдыққа біреулер «Газель» автокөлігіне жүргізуші болуды ұсынған. Жеделдетілген түрде медициналық анықтама алу үшін 10 мың теңге сұраған. Бұл жолы да ер адам ақша салғаннан кейін «жұмыс беруші» телефонын сөндіріп тастаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық жасаған күдіктілерді анықтады. Олар бірін-бірі танымайтын Павлодар облысының екі тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, жыл басынан бері облыс аумағында 153 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

«Жұрттың ақшасын иемдену үшін алаяқтар түрлі тәсіл мен сценарийлерді қолданады. Біз тұрғындардан қандай да бір қаржылық операциялар жасаған кезде асығыс шешім қабылдамауды, интернет-банкингті қолданбас бұрын мұқият тексеруді сұраймыз. Қандай жағдай болмасын ешкімге өздеріңіздің жеке деректеріңізді: PIN-кодтарды, парольдерді, логиндерді бермеу керек. Тауар сатып алған кезде интернет-сатушылардан бейнешолу жасауды сұрап, басқалардың жазған пікірлерін мұқият оқып шығуларыңызды сұраймыз», - дейді Руслан Назаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT