«Жұмыс жоқ» дейтін азаматтардың көбінің білімі жоқ – вице-премьер

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл «Теңізшевройлда» (ТШО) жобаның аяқталуына байланысты 39 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбекке байланысты көптеген сұрақ туындап жатыр. Ол сұрақтар жай туындап жатқан жоқ. Атырау облысын алар болсақ, биыл ТШО-дан 39 мың адам жобаның аяқталуына байланысты жұмыстан босап жатыр. Бірде бір әңгіме жоқ. Неге десеңіз, 39 мың адамның бәрінің керемет деңгейде біліктілігі, білімі бар. Өмірге, болашақтарына сенімді. Ең алдымен, өздеріне сенімді. «Жұмыс жоқ, анау жоқ», деп жататын азаматтардың көбінің – білімі жоқ. Бұл мәселе күнтәртібінде тұрған үлкен сұрақтардың бірі. Сондықтан әрбір азамат түсінуі керек. Білімді қоғам мәдениетін қалыптастыру да күнтәртібінде тұр», - деді Үкімет басшысының орынбасары Республикалық тамыз конференциясы барысында.

Премьер-министрдің орынбасары тұрғындарының білім деңгейі өте төмен аймақтардың да бар екендігін баса айтты.

«Ол азаматтардың білімі жоқ. «Мені анда апарып тұрғызыңдар, жағдайымды жасаңдар» деген әңгіменің айналасында жүретін деңгейі бар. Бірақ, әрбір азамат дайын болуы керек, әрбір азамат өзінің жауапкершілігін сезінуі керек», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар