+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жұмыс таппағандарға әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады - Біржан Нұрымбетов

2020 жылғы 17 қараша 11:27
Бөлісіңіз:
Жұмыс таппағандарға әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады - Біржан Нұрымбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электронды еңбек биржасы жұмыс іздеушіге бос вакансияларды автоматты түрде ұсынатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамту саласында Электронды еңбек биржасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану көзделеді. Бүгінгі таңда жұмыс іздеп жүрген адам Жұмыспен қамту орталығына барып, кезекке тұрып, тиісті жұмыс таңдау үшін орталық қызметкерімен байланыс жасауға мәжбүр. Ендігі кезде барлық жұмыспен қамту шаралары, құралдары, бос жұмыс орындары Электронды еңбек биржасында қалыптасып, портал жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде бос жұмыс орындарын, « Еңбек « бағдарламасы құралдарын ұсынатын болады», - деді министр.

Яғни, оның нақтылай түсуінше, шешімді ақпараттық жүйе қабылдайды.

«Жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді. Оған жұмыссыздыққа байланысты тиісті әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп, тағайындайды. Осылайша, бірнеше қызметті біріктіріп, бизнес процесін жеңілдетіп, цифрлық жұмыспен қамту орталықтарына көшу жолындамыз», - деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT