Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Жұмыс пен жауапкершілік азайған жоқ – Асхат Аймағамбетов министрліктің бөлінуі туралы

2022 жылғы 14 маусым 13:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрлік бөлінгеннен кейінгі жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс азайған жоқ, 1 млн-ға жуық бала 10 мыңға жуық балабақшада тәлім-тәрбие алып, оқып жатыр. Сондай-ақ 800-ге жуық колледж және қосымша білім беретін ұйымдар бар. Оған қоса балалардың құқығын қорғау мәселесін ұмытпайық. 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың жауапкершілігі біздің мойнымызда. Сондықтан жауапкершілік те, жұмыс та азайған жоқ», - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, журналистер «министрлік бөлінген соң, жалақы мөлшері өзгерді ме?» деген сұрақ қойды.

«Жалақыға қатысты Үкіметтің бекіткен мөлшері бар. Бұл барлық министрлік пен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға қатысты, бәріне бірдей. Жалақым Үкімет бекіткен мөлшерде. Оны қайта-қайта айтудың қажеті шамалы. Жалақымды 3-4 рет айтқанмын. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл - мемлекеттің бекіткен мөлшері», - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі атанған Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа қызметі жайлы ой бөліскен еді.


Автор:

Айжан Серікжанқызы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар