+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Жұмыс орнында дене жаттығуларын жасаудың пайдасы қандай

2020 жылғы 5 қараша 16:59
Бөлісіңіз:
Жұмыс орнында дене жаттығуларын жасаудың пайдасы қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұжымы қызметкерлер арасында дене жаттығуын өткізу туралы бастамаға қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 618 адам коронавирустан көз жұмды Психиканың бұзылуын емдеуге болады – дәрігер Қазақстанда халықты иммундау бағдарламасын басқаруды жетілдіру ұсынылды

«Жаттығуды біз орталығымыздың кең дәлізінде, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып жасаймыз. Оған орталық қызметкерлері, жас ерекшеліктеріне қарамастан ерікті түрде жиналады. Көбіне жаттығуды өзім жүргіземін. Күнде түрлі қимыл-қозғалыстар жасаймыз», - деді Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының көмекшісі Римма Шиткенова.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаевтың айтуынша, жұмыс уақыты басталар алдында 10 минут дене жаттығуын жасау адамды сергітіп, еңбек қабілеттілігін арттырады.


«Кеңседе бір орында тапжылмай отырып, жұмыс істеу денсаулыққа кері әсерін де тигізеді. Мәселен, омыртқа қисаяды, мойынның қан тамырлары білеуленеді, жүйке аурулары пайда болады. Сондықтан, буынды жазып, қан айналымын жақсарту үшін жаттығуға 10 минут бөлген дұрыс. Әрі бұл жаңашылдықты ең алдымен қол астындағы қызметкерлерінің денсаулығын ойлайтын әр басшы қолдауы тиіс деп ойлаймын», - дейді Қанат Төсекбаев.

Еске сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 28 қазандағы бұйрығы бойынша дене жаттығуымен шұғылданудың үлгілік қағидалары бекітілген болатын. Ережеге сәйкес, дене шынықтыру жаттығулары жұмыс күнінің бірінші жартысында орындалып, ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT