Жұмыс мәдениетін өзгертуіміз керек пе?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда көп адамның күнделікті істеп жүрген жұмысына көңілі толмайды. Бұл жұмыс мәдениетін өзгертетін кез келгенін білдіре ме? ВВС басылымында «Еңбек қуанышы» кітабының авторы Брюс Дейслидің мақаласы жарық көрді. Онда автор адамдар үздіксіз кездесулер мен қарбаластың ішінде жүріп өз атын ұмытуға шақ қалғанын жазған.

«Мен кітап жазу үшін екі жыл ізденіп, жұмыс орындарындағы мәдениетті өзгерту керектігіне көз жеткіздім. Психикалық денсаулық қорының мәліметтеріне сенсек, былтыр британ халқының 74% жұмыс кесірінен стресске шалдыққан. Бұған таңғалуға болмайды. Себебі бүгінде барлығымыз жұмыс бабымен келетін электронды хаттарды қолымыздағы телефонға қабылдайтын болғанбыз. Зерттеулерге сенсек, әріптестерімен үнемі байланыста болуы керек адамдар аптасына жетпіс сағаттан артық жұмыс істейді», деп жазады автор.

Оның айтуынша, бүгінде жұмысты неліктен істеп жатқанымызға емес, қалай істеп жатқанымызға мән беру керек.

«Жұмыс мәдениетін біреу келіп өзгертіп бермейді. Біз өзіміз өзгерту керекпіз. Жұмыс күнінің дизайнын өзгерту жұмыстан шаршамауға әсер етеді. Мысалы, көпшілігіміз жиналыстарды ұнатпайтынымыз анық және бұл қызметкерлердің көп уақытын алады. Сол себепті жиналыстарға қатысушылар санын екі есе азайтып отырған жөн. Сонымен қатар жұма күні шаршап қалмас үшін дүйсенбіден бастап бейсенбіге дейін түскі асқа үзіліс жасаған маңызды. Сондай-ақ жұмыс арасында үзіліс жасап, әріптесіңмен кофе ішіп келгеннің де пайдасы зор. Ал жаяу жүру шығармашылықты 81%ға арттырады», дейді автор.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жұмысқа қатысты көп талап адамдарды қарбалас тірлікке бойұсынуға мәжбүрлеген.

Соңғы жаңалықтар