Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған жастардың 76 пайызы жұмысқа тұрды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Еңбек бағдарламасы» арқылы жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған жастардың 76 пайызы тұрақты жұмыс тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері ҚазАқпарат сауалына осындай жауап берді.

«Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2017 жылдан бері қоныс аударған 26,6 мың адамнан 515 адам өзінің бұрынғы аймағына қайта көшіп кеткен. Ал тұрақтап қалған азаматтардың қатарынан 14,1 мың еңбекке қабілетті жастағы азаматтар болса, 11,8 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар, 686 адам зейнеткер болып келеді», - дейді министрлік мамандары.

Ведомствоның жауабында аталған 14,1 мың еңбекке жарамды адамның 10,4 мыңы жұмысқа орналастырылғаны айтылады. Сондай-ақ, жеке ісін дамытуға қолдау көрсету үшін 89 адамға микрокредит берілсе, 173 адам мемлекеттік грант иегері атаныпты. Бұл еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың 76%-ы деген сөз.

«Жұмысқа орналастырылмаған қоныс аударушылардың 4 мыңы 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы аналар, қалғандары мүгедек адамдар, үй шаруасындағы әйелдер және басқалар бар», - делінген жауапта.


Соңғы жаңалықтар