+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Жұмыс іздеп жүрген 5 мыңнан астам адам Egov.kz порталына тіркелді

2020 жылғы 3 маусым 15:52
Бөлісіңіз:
Жұмыс іздеп жүрген 5 мыңнан астам адам Egov.kz порталына тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5091 адам электрондық үкімет порталында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет халықты жұмыспен қамту саласына тың серпін беретін шараларды ойластыруы керек - сарапшы пікірі Алматылықтардың ⅔  қатаң шектеу шаралары кезінде жұмыс орындарын сақтап қалады Нұр-Сұлтанда жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ең қажетті мамандықтар белгілі болды

Қызметті алу үшін порталдың басты бетінде «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өту, одан әрі «Жұмыс іздеген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау және қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Кез келген ыңғайлы тәсілмен авторизациядан кейін (логин мен пароль, ЭЦҚ, SIM-картадағы ЭЦҚ, бір реттік пароль, Digital-ID, QR-код) өзі туралы ақпаратты толтыру және сұрауға ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері лайықты бос жұмыс орнын іздеуді жүзеге асыратын болады. Егер жұмыс табылмаса, өтініш берушіге қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Егер бұл ретте жұмыссыз азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, ол жұмысты жоғалту бойынша төлемге үміткер бола алады, ол SMS арқылы проактивті түрде тағайындалады.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу қызметін» халықты жұмыспен қамту орталықтарында да алуға болады. Алайда коронавирус пандемиясы көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болатынын дәлелдеді. Мысалы, egov.kz немесе SMS арқылы. Бұл өте ыңғайлы, өйткені бір жерге барудың, құжаттарды жинаудың, оған уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Цифрлық технологиялар көптеген процестерді онлайн өзара іс-қимылға ауыстырады, осылайша адам факторының әсерін төмендетіп, жемқорлық тәуекелдерін азайтады», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыспен қамтуды цифрландыру аясында онлайн түрде жұмыс табуға мүмкіндік беретін «Электрондық еңбек биржасы» және барлық мәліметтер жүйеде сақталады.

Сондықтан, азаматтардың жұмысқа орналасуына жұмсайтын уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобасы жүзеге асырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT