Жұмыс істейтін елордалық жастарға арналған пәтерге қоныстандыру қаңтар айынан басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерге ие болған елордалықтар жаңа жылдан кейін қоныс тойын тойлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Тұрғын үй қорына сілтеме жасап.

«Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сертификат алғандар үшін қазіргі уақытта пәтердің құжаты мен жалға алу келісімшарты дайындалуда. Пәтер кілтін беру және орналастыру кестеге сәйкес 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жоспарланған», делінген Тұрғын үй қорының хабарламасында.

Кілтді беру орны мен уақыты туралы қосымша SMS хабарлама жіберіледі. «Үй дайын, бірақ әрбір пәтерді алдағы уақытта шағым айтылмау үшін өтініш берушімен бірге маман барып қарайды. Осыған байланысты барлығын бір күнде бір мезгілде қоныстандыру мүмкін емес болғандықтан, кілттерді беру кестеге сәйкес күндер бойынша бөлінген», делінген хабарламада.

Әрбір өтініш берушінің кілтін беру кестесі жақын арада zhilfond.kz сайтында жарияланады.

Еске сала кетсек, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елордада жұмыс істейтін 1050 жас азаматқа жалдамалы пәтер кілті табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар