Жұмыс берушінің қызметкерге міндетті зейнетақы жарнасын төлеу бастамасы тағы 1 жылға шегерілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуін енгізу тағы бір жылға шегерілуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс», - делінген құжатта.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу биыл енгізілуі тиіс болатын. Алайда, жұмыс берушілерге көп қаржылық жүктеме түсірмеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу ұсынылды.

Жарна мөлшерлемесі:

- 1,5% – 2024 жылдан бастап;

- 2,5% – 2025 жылдан бастап;

- 3,5% – 2026 жылдан бастап;

- 4,5% – 2027 жылдан бастап;

- 5% - 2028 жылға қарай.


Соңғы жаңалықтар