Жұманғарин Александр Клебановтың Forbes-қа кіргені туралы: Оның қаражаты көп болса инвестиция салуы керек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары -Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннен Журналистер ОАЭК Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебановтың Forbes журналындағы Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің тізіміне қалай енгенін сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір Forbes-қа қарайтын шамада емеспін, әлеуметтік мәселелермен айналысып жатырымыз. Егер ол Forbes тізімінде болса, қандай да бір жолмен капитал тапқан шығар. Мәселе мынада, егер оның қаражаты көп болса, табиғи монополиялар саласына инвестиция салуы керек пе? Осы сұраққа жауап беру керек. Өйткені табиғи монополия саласындағы объектілер жалғыз оған тиесілі емес. Бізде жеке меншіктегі су арналары, станциялар, жылу желілері бар», - деп жауап берді С. Жұманғарин.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Александр Клебановтың Екібастұз ЖЭО-сын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайындығы туралы пікір білдірген еді.


Соңғы жаңалықтар