Жұмақ іздеп мемлекеттік шекараны бұзған қытай азаматы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жерұйық іздеп Қытай-Қазақстан шекарасын бұзған қытайлық азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түнгі сағат он бірдің кезінде «Қорғас» шекара отрядының шекарашылары із тастау жолағының бойынан еліміздің аумағына қарай жүріп өткен адамның ізін байқайды. Санаулы минуттар ішінде застава «Қарулан» бұйрығы бойынша аяқтарынан тік тұрып, «Дабыл тобы» оқиға орнына аттанады. Иісшіл ит із аламын дегенше Жаркент шекара отрядының сарбаздары өздерінің позицияларына жетіп үлгерді», - делінген хабарламада. Түн ортасы ауғанда жақын маңдағы елді мекендерде блокпостар ұйымдастырылып, тұрғындардың, автокөліктердің құжаттары тексеріле бастайды. Белсенді іс-шара нәтижесінде көп ұзамай мемлекеттік шекараны бұзушы ұсталды. «Ол көршілес Қытай Халық Республикасының азаматы болып шықты. Жауап алу кезінде ол жер бетінен жұмақ іздеп, шекара кескендігін мәлімдеді», - деді баспасөз қызметінен. Шекарашыларға Жаркент қаласынан ерікті жасақшылар көмекке келді. Шекара бұзушыны ұстау іс-шарасына көршілес әскери бөлімдердің жауынгерлері, Боралдай әуе базасының тікұшақтары, сондай-ақ, Панфилов аудандық ІІБ қызметкерлері жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар