+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

2021 жылғы 30 шілде 01:33
Бөлісіңіз:
Жұмаға арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 6 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды СҚО-да күннің суытуына байланысты полицейлер көктайғақ болатынын ескертті Қар, жауын, көктайғақ – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде бұршақ жауады. Тек еліміздің батысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. /

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының кей жерінде таңертең және күндіз бұршақ, желдің 18-23 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT