Жұма күніне арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні елімізде қара аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

5 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронтальды ағын ықпал етеді. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшеюі ықтимал. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ болады, Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар