+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Жұма күні Қазақстанның оңтүстігіне қар қалың түседі

2018 жылғы 2 наурыз 06:00
Бөлісіңіз:
Жұма күні Қазақстанның оңтүстігіне қар қалың түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа құбылмалы болады.

Кей жерлерде қар жауады. Елдің оңтүстігі мен солтүстік-батысына қар қалың түседі. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана қар жаумайды. Республиканың көп жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсіп, жолда көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында боран болады.

Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында күндіз желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT