Жұма күні Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашынды болады, солтүстіктің жекелеген аудандарында найзағайлы нөсер жауады, екпінді желмен бірге дауыл соғуы ықтимал. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы да ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, желдің күші 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Түркістан, Қарағанды облыстарынының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар